Қазақстан, Өзбекстан мен Әзірбайжан Еуропаға «жасыл» энергетикалық дәліз құруға ниетті

Қазақстан, Өзбекстан мен Әзірбайжан Еуропаға «жасыл» энергетикалық дәліз құруға ниетті

Қазақстан, Өзбекстан және Әзірбайжан «жасыл энергетикалық дәліз» жобасы аясында бірлескен кәсіпорын ашуға ниетті. Аталған ортақ бастама жаңартылатын энергияны Орталық Азиядан Еуропаға экспорттауға мүмкіндік береді. Еске сала кетейік, келісімге үш мемлекет басшылары өткен жылдың қараша айында Бакуде өткен COP-29 климаттық саммитінде қол қойған болатын. Кәсіпорын үш елдің баламалы қуат көздерін басқармақ. Біздің аймақ пен кәрі құрлықты жалғайтын жоғары вольтты желі Каспий теңізінің түбімен өтеді. Энергетика министрлігі бұл жобаға мемлекеттердің қатысу үлесі бірдей болатынын атап өтті. Қазір кәсіпорын құрылысының орны туралы мәселе пысықталуда.


Берден Оспан, ҚР Энергетика министрлігі басқармасының басшысы:


- Жобаның ең басты артықшылығы Орталық Азия мен Әзірбайжан Республикасының энергия жүйесін біріктіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Каспий теңізі түбімен «жасыл» энергияны жеткізу бойынша қазақстандық экспорттың әлеуетін арттыруға септеседі. Біз болжамды теңгерімді бекіттік. Оның аясында 2029 жылға дейін елдеріміздің баламалы қуат көздерінің жалпы генерациясы шамамен 5 гигаватты құрамақ. Бұл бағытта қазірдің өзінде бірқатар жоба қолға алынды. Былтыр бірнеше жаңартылатын қуат көздері нысандары іске қосылды. Бұл жұмыс биыл да жалғасын табады.


Айта кетейік, 2035 жылға қарай Қазақстанда қосымша 26 гигаватт жаңа қуатттар енгізу көзделіп отыр. Олардың үштен бірі баламалы энергия көздеріне тиесілі болмақ. Қазіргі таңда еліміздегі жалпы энергияның 6,5% ЖЭК-тің еншісінде. 153 станция «жасыл» энергия өндіреді. Бұл ретте жел, күн және шағын су электр станцияларының үлесі басым.

 

 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?