Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Astana LRT жүйесін іске қосу рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысы елордадағы қоғамдық көлікке, соның ішінде жеңіл рельсті жүйеге мониторинг жүргізіп, жұмысын реттейтін Бірыңғай диспетчерлік орталықтың қызметімен танысты. Бұл жұмыспен 20 астам маман айналысады. Қасым-Жомарт Тоқаев елдің бас шаһары келешекте Еуразияның көлік хабына айналуға тиіс екенін айтты. Сондай-ақ жобаны табысты жүзеге асырған қытайлық компания тарапына және құрылысқа тартылған компания өкілдеріне ризашылық білдірді. Президентке 001 сериялы карта берілді. Мемлекет басшысы LRT жүйесінің алғашқы жолаушысы ретінде «Әуежай» станциясынан «Ұлттық музей» станциясына дейін жүрді. LRT жүйесінің әр құрамы 600-ден астам жолаушы тасымалдауға арналған. Жалпы ұзындығы 22 шақырымнан асатын желі арқылы 15 құрам жүргізушісіз жүреді. Оның инфроқұрылымында18 станция мен заманауи депо бар. Қоғамдық көлікті одан әрі дамыту мақсатында жалпы ұзындығы 26,5 шақырымды құрайтынды жаңа желінің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

