Қазақстан Ұлттық Банкі жаңа коллекциялық монеталар ұсынды

Қазақстан Ұлттық Банкі жаңа коллекциялық монеталар ұсынды

Қазақстанда жаңа коллекциялық монеталар сатылымға шықты. Еліміздің Ұлттық банкінің мәліметінше, біріншісі – AI•KÚN, ал екіншісі қар барысының бейнесімен жасалған. Мәселен, AI•KÚN 925-і күміс үлгісінен заманауи технологиялар қолданыла отыра жасалған. 3 мың данамен шыққан монетаның номиналы – 500 теңге. Қар барысына келер болсақ, оның данасы 30 мың. Ал, номиналы – 1,2,10,20,50,100 және 200 теңге болады.

 

Алмат Бәсенов, ҚР Ұлттық Банкінің бас дизайнері

 –  Ай мен күн. Бұл біздің бұрыннан келе жатқан «Сиқырлы нышандар» сериясының жалғасы. Осы жолы, тек қазақ халқы мен көшпенділер өркениетіне қатысты ғана емес, әлемдегі біраз халық пір тұтатын нышандарға арнап отырмыз. Күнделікті төбемізде жарқыраған аспан денелеріне адамдар бағзы заманда табынғанын да барлығы біледі.