Қазақстан мен Палестина Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Палестина Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Президенті Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту әлеуетн талқылады. Тараптар Таяу Шығыстағы ахуалды реттеу жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті «Қос халық үшін екі мемлекет» формуласына сүйене отырып, аймақта тезірек бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған жаһандық әрекеттерді қуаттайтынын жеткізді. Махмұд Аббас Қазақстанның әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту ісінде айрықша рөл атқаратынына назар аударды. Мемлекет басшысы Палестина Президентін Астанаға сапармен келуге шақырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?