Жаңа Конституция жастардың әлеуетін ашудың негізін қалыптастырады

Жаңа Конституция жастардың әлеуетін ашудың негізін қалыптастырады

Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы жастардың әлеуетін ашудың берік негізін қалыптастырады. Еуразия Ұлттық университетінің студенттерімен кездескен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Жиында жаңартылған Негізгі заңның нормалары, оларды іске асырудағы жастардың рөлі, сондай-ақ құжаттың елдің одан әрі дамуы үшін маңызы талқыланды. Парламенттің жоғарғы палатасының спикері референдум өткізу жаңа тарихи кезеңнің басталатынын білдіреді, сондай-ақ  бұл қадам партиялық жүйені, мәслихаттардың әлеуетін және азаматтық диалог институттарын нығайтуға серпін беретінін атап өтті. Осы ретте жаңашылдықтарды табысты іске асыру жастардың белсенді қатысуына, олардың білім деңгейіне тікелей байланысты.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміз қолданстағы Ата-заңды жаңартуды қолға алды. Қоғамдық келесімге өзара диалог пен сыйластыққа баса мән берілген. Ұлттық бірегейлігімізді нығайту, мемлекеттік тілімізді дәріптеу, патриотизімді қолдау қағидалары айқындалған. Бір сөзбен айтқанда, жаңа Ата-Заң жобасын Қазақстан болашағының манифесі деуге толық негіз бар. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?