ШЫҰ байқаушылары референдумның ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады

ШЫҰ байқаушылары референдумның ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады

Шанхай ынтымақтастық ұйымының байқаушылары Қазақстанның Жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумның ашық әрі әділ өткенін мәлімдеді. Олардың пікірінше, дауыс беру науқаны жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Миссия өкілдері қазақстандықтардың белсенділік танытқанын, сондай-ақ дауыс беру учаскелеріндегі комиссиялардың жұмысы жүйелі әрі үйлесімді жүргізілгенін атап өтті. Байқаушылардың айтуынша, азаматтардың еркін дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалып, бейтараптық талаптары толық сақталған. Сондай-ақ миссия өкілдері референдум елдегі демократиялық үдерістердің одан әрі дамуына бағытталған маңызды қадам болғанын ерекше атап өтті.

Алексей Чепа, Халықаралық бақылаушы /ШЫҰ/:

- Бұл өзгерістер мен жаңа бастамаларды Қазақстан азаматтары болашаққа бағытталған қадам ретінде қабылдап отыр. Қоғам билік жүйесін одан әрі тиімдірек етуге бағытталған реформалардың мәнін жақсы түсінеді. Президент бірқатар өкілеттіктерді Парламентке береді, ал Парламентті халықтың өзі сайлайды. Яғни, билік тармақтарының рөлі қайта қаралып, халықтың ықпалы арта түседі. Мұндай қадам үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бүгінде Қазақстанның бұған дайын екеніне сенімдімін. 

Артур Кохоев, Халықаралық бақылаушы /ШЫҰ/:

- Біздің бағалауымыз бойынша, қазіргі таңда референдум жоғары деңгейде өтті деп сеніммен айта аламын. Ұйымдастыру жағынан да, техникалық тұрғыдан да көптеген маңызды мәселелер ескерілген. Дауыс беру үшін қолайлы жағдай жасалған, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да қажетті жағдайлар қарастырылған. Біз адамдардың учаскелерге келіп, өз таңдауын жасағандарына куә болдық.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?