Алматы мен Алатау қалаларының арнайы мәртебесі туралы заң қабылданады

Алматы мен Алатау қалаларының арнайы мәртебесі туралы заң қабылданады

«Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы» заң наурыз айының соңына дейін қабылданады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты. Жаңа Конституцияның нормаларын жүзеге асыру шеңберінде Астана мен Алатау үшін ерекше құқықтық режимді айқындайтын заң жобалары әзірленді. Мәселен, Алатауға қатысты құжатта «қарқынды даму қаласы» ретінде қалыптастыру, халықаралық стандарттар енгізу нақтыланған. Тіпті пилотсыз көлік пен цифрлық активтерді дамытуға басымдық берілген. Ал Астана үшін қала құрылысы, көші-қон және көлік салаларында басқарудың жаңа тетіктері қарастырылған. Екі құжат та инвестициялар тартуға және жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі:

- Салық салудың және бюджеттік қатынастардың ерекше ерекше режимін қолдануды көздейді. Қазіргі уақытта Конституциялық заң жобасы Парламенттің қарауында. Ағымдағы жылы 20-шы наурызда заң жобасы бойынша Парламент Палаталарының бірлескен отырысының бірінші оқылымын, ал 27-ші наурызда екінші оқылымын өткізу жоспарлануда. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?