Шымкентте шахматтан әлемдік гран-при турнирі өтіп жатыр

Шымкентте шахматтан әлемдік гран-при турнирі өтіп жатыр

Шымкентте шахматтан әйелдер арасында әлемдік гран-при турнирінің екінші кезеңі өтіп жатыр. Бүгін жарыстың үшінші күні. Байрақты бәсекеде Қазақстан, Қытай, Үндістан, Германия, Грекия, Болгария және Моңғолиядан  барлығы 10 гроссмейстер бабын сынауда. Еліміздің намысын Бибісара Асаубаева қорғайды. Турнирдің жүлде қоры 80 мың еуро. Жалпы есепте ең көп ұпай жинаған екі қатысушы 2026 жылы өтетін әлемдік «Шахмат тәжі» жарысының жолдамасына ие болады.

Ажар Аманова, Халықаралық шахмат федерациясының digital маркетинг жөніндегі бас маманы:

– Қазақстан үшін бұл турнирді өткізу үлкен мәртебе, осы елдің азаматы және ФИДЕ өкілі ретінде осындай іс-шараларды жоғары деңгейде өткізе алғанымызды зор жетістік ретінде бағалаймын әрі мақтан тұтамын. Бұл ретте Қазақстан шахмат федерациясына алғысымыз шексіз. Жалпы әйелдер арасындағы Гран-при Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырған жоқ, бұған дейін ол 2022 жылы Астанада ұйымдастырылды. Шахматтан  халықаралық іс-шаралар өткізуде Қазақстанның үлкен тәжірибесі бар.