Өзбек спортшыларының
тарихи жетістігі. Ұлттық құрама алғаш рет 2026
жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Іріктеу кезеңінің
соңғы матчы Ташкентте Өзбекстан мен Катар футбол командалары арасында өтті.
Орталық Азия елінің спортшылары бірінші таймда есеп ашты. Ал, екінші таймның
соңына қарай қарсыластарының қақпасынан саңылау тауып, үшінгі голды соқты. Осылайша
3:0 есебімен өзбек құрамасы жеңіске жетті. Айта кетейік, Өзбекстан үшінші
іріктеу кезеңінің «А» тобында өнер көрсеткен болатын. Бір жылға жуық
уақытта жасыл алаңда құрама Иран, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстан,
Солтүстік Корея командаларымен кездесу өткізді. Барлық ойындардың қорытындысы
бойынша өзбек спортшылары 21 ұпай жинады. Бұл республика футбол тарихындағы
рекордтық көрсеткіш. Оның үстіне Өзбекстан құрамасы мундиалға жолдаманы
мерзімінен бұрын ұтып алды.
Уткир Юсупов,
Өзбекстан құрамасының қақпашысы:
- «Керемет
қуаныш! Ғарышқа сапар шеккендей салмақсыздық сезімі болды. Бізді қолдауға
келгендері үшін жанкүйерлерге үлкен алғыс айтамыз».
Ұлттық құраманың футболшылары мен жаттықтырушылары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Өзбекстан Президенті ойыншыларға ордень, медаль мен құрметті атақтар табыс етті.

