Шымкентте Орталық Азия елдері мен түркітілдес мемлекеттер театрларының фестивалі аяқталды

Шымкентте Орталық Азия елдері мен түркітілдес мемлекеттер театрларының фестивалі аяқталды. Аталған мәдени шара қазақ кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Жұмат Шанин атындағы өнер ошағының 95 жылдығына орай ұйымдастырылды. Көрермендер бір апта бойы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Татарстан және Әзербайжанның жетекші шығармашылық ұжымдарының үздік жұмыстарын тамашалады. Өнер майталмандары Ғабит Мүсірепов, Шыңғыс Айтматов, Әлішер Навои және басқа да әйгілі драматург қаламгерлерің тың еңбектерінің негізінде сахналанған 9 қойылым ұсынылды. Халықаралық қазылар алқасының бағалауынша, Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Ұлпан» спектаклі үздік актерлік ансамбль атанды.


Еркін Әбдірешов, Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері:


 – «Ұлпан» деген шығарманы бәрің білесіңдер. Мұның мазмұны тура сол, бірақ кішкене басқаша көзқараспен жаңағы Гүлназ деген қарындасымыз Балпеисова оны енді қазіргі көзқараспен басқаша қылып қойды.

Жеңіс Ермұқанов