«Ұлы дала жорығы» халықаралық марафоны мамыр айында
басталады деп жоспарланған. Қазір қызу дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауқымды
іс-шараға 15 елдің өкілдері қатысады. Олар бес күнде 500 шақырым қашықтықты бағындыруы тиіс. Қатысушылардың жүріп
өтетін бағыты Алматы облысындағы тарихи және табиғи орындарды қамтиды. Марафон
аясында ұйымдастырылатын маңызды шаралардың бірі – асыл тұқымды жылқылар
көрмесі. Онда қонақтар қазақстандық бірегей тұқымдармен таныса алады. Сонымен
қатар, Ұлттық қолөнер көрмесі ұйымдастырылады. Айта кетейік, халықаралық
марафон Алматы облысы туризмінің дамуына тың серпін беріп, еліміздің спорттық
беделін нығайта түседі.

