Сәкен Сейфуллин атындағы мұражай құнды экспонаттармен толықты

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі – Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына орай қаламгер әрі мемлекет қайраткері атындағы музей құнды экспонаттармен толықты. Жәдігерлер оның қысқа ғұмырында артында қалдырған мұрасын терең тануға түрткі болады. Музей директорының айтуынша, көпжылдық еңбектің арқасында ақынның жеке заттары, сондай-ақ 1922 жылы Сәкен Сейфуллин республиканың Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы болған кезде қабылданған Жер кодексін қоса алғанда бірқатар тарихи құжаттар табылып, мұрағатқа тапсырылды. Оның отандық авиацияны дамытуға және Қазақстанда алғашқы әуе рейстерін ұйымдастыруға қосқан үлесі тың жаңалық болып отыр. Айта кетейік, мерейлі датаға орай Астанада әдеби кеш өтті. Қатысушылар Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын оқып, олардың желісі бойынша бірқатар қойылымдар қойды.

Марат Әбсеметов, Сәкен Сейфуллин музейінің директоры:

– Биыл Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығы. Қазақстанның түкпір-түкпірінде үлкен мекемелерде, оқу орындарында Сәкеннің 130 жылдығы өтіп жатыр. Енді қандай жаңалықтар, не ашылып жатыр дегенде айтқанда биыл Сәкеннің біраз біздің мұражайымызға талай заттар толықты. Міне Сәкеннің жаңағы жерде Қызылордадан табылған Сәкеннің жаңағы заттарының біреуі, кофеұнтағыш, кофемолка дейді ғой. 28 жылы Қызылордада ректор болып тұрғанда пединститутында, сол кофе ішеді екен Сәкен сол заты сақталды. Азғантай ғұмырында Сәкен, 44 жыл жасады, бірақ өз өмірін еліне, халқына паш етті.

Әсел Күшенғалиева