Астанада әлемге әйгілі поп-жұлдыз Дженнифер
Лопестің концерті аншлагпен өтті. Astana Arena стадионына 25 мыңнан астам
көрермен жиналды. Әншінің айтулы «Up All Night» әлемдік турының шеңберінде
ұйымдастырылған шоу ондаған бишілердің қатысуымен, ауқымды қойылыммен,
сондай-ақ ерекше эмоциямен сүйемелденді. Көрермен Лопестің атақты хиттерін
орындады, олардың арасында - «On the Floor» және «Jenny from the block»-та бар.
Кейбіреулері жұлдызбен селфи түсіру бақытына ие болды - финалда әлем жұлдызы сахнадан
түсіп жанкүйерлеріне жақындады. Айта кетейік, Астанаға Қазақстанның өзге
қалаларынан ғана емес, көрші елдерден де жанкүйерлер келді. Концерт жоғары
деңгейде ұйымдастырылды: қоғамдық тәртіпті мың үш жүзге жуық полиция қызметкері
қамтамасыз етті, стадионның қосымша бірнеше кіретін және шығатын есіктері іске
қосылды. Көптеген қазақстандықтар үшін бұл кеш жылдың нағыз музыкалық оқиғасы
болды.

