Silk Way Star әділқазыларын елорданың сәулеті таңқалдырды

Silk Way Star әділқазыларын елорданың сәулеті таңқалдырды

Silk Way Star жобасының түсірілімі қыза түсті. Халықаралық вокалдық байқауға қатысушылар студияда жұмыс істеп жатқанда, қазылар алқасы елорданың басты нышандарымен танысты. Олар үшін экскурсия ұйымдастырылды. Бас шаһарға саяхат көпті тәнті еткен «Бәйтерек» монументін аралаудан басталды. Байқау алаңына көтерілген қонақтарды алақандағыдай көрінетін қаланың бірегей сәулеті таң қалдырды. Сондай-ақ, олар «Мәңгілік ел» салтанат қақпасында, Астананың Ботаникалық бағында, ЭКСПО қалашығында және ашық аспан астындағы ғарыш мұражайында болды. Айта кетейік, Silk Way Star жобасына 12 елдің әншілері қатысуда. Бірінші эпизодтың тұсаукесері 20 қыркүйекте «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасы мен жобаға қатысушы елдердің арналарында көрсетіледі.

Ли Суа, Silk Way Star жобасының қазылар алқасының мүшесі /Оңтүстік Корея/:

- Астананың таза көшелері мен заманауи ғимараттары мені қатты таңғалдырды. Бұл шаһар жадымда ұзақ сақталатынына сенімдімін. Қала дәстүрлі элементтер мен заманауи сәулетті үйлестіре білген. Қазақстан астанасының бірегей сәулетіне тәнті болдым. Жобаға келетін болсақ, бұл музыка арқылы тілдесетін алаң. Сондықтан мен өнерпаздардың тек шеберлігі мен техникасын ғана емес, көрерменге қалдырған әсері үшін бағалауды жөн көремін. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?