Silk Way Star халықаралық байқауының бесінші туры өтті

Silk Way Star халықаралық байқауының бесінші туры өтті

Өткен демалыста Silk Way Star жобасының кезекті, бесінші саны көрерменге жол тартты. Бұл жолы сахнаны түрлі елдің мәдениеті мен дәстүрі ұлттық бояуға толтырды. Қатысушылар халық әндерін орындап, өз елдерінің тарихы мен рухани мұрасын музыка арқылы жеткізді. Бұл жолы армениялық Саро Геворгян көш бастады. Әнші дәстүрлі әуенге рок элементтерін үйлестіріп, көрермен мен қазылар алқасын тәнті етті.

Саро Геворгян, Silk Way Star байқауының қатысушысы, Армения:

- Мен бұл жолы әдеттегіден ерекше толқыдым. Себебі бұл өз елімізді насихаттау мүмкіндігі жасалған байқаудың негізгі кезеңі деп санаймын.  Мен біздің елде танымал армян халық әнін орындадым. Осы әнді қою барысында туған халқымның бай мәдениеті мен болмысын, ұлттық құндылықтарын жеткізгім келді. Қазылардың берген бағасын көріп бұл ойымнан шықты деп ойлаймын.

Оңтүстік Кореялық «Кандис» тобы ең аз ұпай жинап, байқаумен қош айтыса жаздады. Алайда Қазақстан атынан қазылық етіп отырған Жанар Дұғалова өз вето құқығын пайдаланып, герлз бэндті жобада қалдырды. Мұндай құқық тек ұйымдастырушы елдердің төрешілеріне берілген. Олар - Қазақстан мен Қытай. 

Жанар Дұғалова, Silk Way Star байқауының әділқазы мүшесі:

- Бұл топ шынымен де маған ұнайды. Менің ойымша олар бұл жобаға керек қатысушы. Себебі жалғыз ғана топ неге қолдамасқа, неге қонақ жайлығымызды көрсетпеске. Жоба барысында қыздардың фанаттары пайда болды. Мен үшін бұл дұрыс шешім болған сияқты. Көресіздер, бұл қыздар әрі талай қызық номерлер бізне ұсынатын болады.

Ал барлық бес турдың қорытындысы бойынша жалпы рейтингте қазақ әншісі Әлем мен  моңғолиялық Мишель Джозеф тең ұпаймен көш бастап тұр. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?