Шымкентте қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтіп жатыр

Шымкентте қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтіп жатыр

Шымкентте қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтіп жатыр. USTA FEST дәстүрлі байқауы биыл жергілікті шеберлермен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және Ресейден қатысушылардың басын қосты. Шаһар тұрғындары мен қонақтары ұлттық нақыштағы бірегей бұйымдарды тамашалап қана қоймай, он саусағынан өнер тамған жандардың көздің жауын алатын ерекше дүниелерді жасау барысымен танысты. Темірден түйін түйген шеберлер көрік басып, шойыннан композициялық туындылар әзірледі. Ал, ағаш ұсталары бөренеден түрлі мүсіндер жасады. Олардың үздіктері іріктеліп, қаланың ең көрікті деген жерлеріне қойлады. Шара қонақтары сәндік-қолданбалы өнер туындылары қанат жайған көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысты.

Ерсін Темірғали, ағаш ұстасы:

- Екінші фестиваліміз. Қазір артымызда ағаштан әженің күбі пісіп отырған композициялық мүсінін жасаймыз. Қазақи нақыштағы сұлбалар болды. Біздің таңдағанымыз сол болды.

Абдулла Наурызбаев, темір ұстасы:

«Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман болады» деген осы жұмысты бастадым. Отты шөптің көптігінен мал көбейгендіктен бозторғай ұя салуға орын таппай қойдың үстінде жұмыртқалады деген мағынада.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?