Цифрландырылған дәстүрлі фильмдер мен жаңа толық
метражды және қысқа метрлі анимациялық кинотуындылар. Астанада осы саланың даму
жолымен танысу мүмкіндігі жасалды. Елордада Республика күніне және Халықаралық
анимация күніне орай «Ұлттық анимациялық фильмдер апталығы» өтуде. Бас шаһардың
тұрғындары мен қонақтарына кино өндіріс майталмандарының туындылары ұсынылды. Апталық
бағдарламасына қазақ анимациясының хас шеберлерінен бастап жас режиссерлерге
дейін әр жылдары жасаған 12 картина енді. Ұйымдастырушылар осы арқылы отандық
авторлардың шығармашылық жолын кеңге насихаттап,
халықаралық деңгейде танытуға лайықты ұлттық мультипликация саласын ілгерілетуді
көздеді. Осы орайда, елімізде соңғы 5 жылда 47 анимациялық жоба шығарылғанын
және олардың көпшілігі беделді фестивальдарда жоғары бағаланғанын айта кету
керек.
Айнұр Исаева, Казақ анимация
шығармашылық бірлестігінің редакторы:
- Іс-шараның мақсаты - қазақстандық анимацияның тарихы мен заманауи дамуын көрермендерге таныту. Біз дәл осы жобаларды іріктеу кезінде қандай фильмдер көпшіліктің қызығушылығын тудыратынына назар аудардық. Оның үстіне, апталық бағдарламасына Әмен Қайдаров сынды танымал қазақ анимациясы шеберлерінің үздік жобалары еніп отыр. Сонымен қатар, толық метрлі мультфильмдердің көрсетілімдері жоспарланған. Сондықтан кино сүйер қауым қалауына сай фильмдерді тамашалай алады.

