Қазақстандық бишілер Венгрияда өткен Халықаралық балет байқауында үздік атанды

Қазақстандық бишілер Венгрияда өткен Халықаралық балет байқауында үздік атанды

Мажарстан астанасында өткен би жарысында Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері жеңіс тұғырынан көрінді. Budapest Ballet Grand Prix халықаралық байқауы әлемнің 30 астам елінің жас дарындарын жинады. «Пахита» мен «Ұйқыдағы ару», «Корсар» және «Дон Кихот» классикалық балеттерінен жарқын көріністер ұсынған қазақстандық қатысушылар қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Ұлттық хореография академиясының өкілдері мұндай беделді байқау би әлеміне келген жаста болса аса дарынды бишілерге әлемдік сахнада өз шеберлігін паш етуге мүмкіндік береді. Отандық балет өнерінің өкілдері бұны қалт жібермей, ұлттық хореографияның жоғары деңгейін кеңге танытты.


Светлана Кокшинова, Қазақ ұлттық хореография академиясының Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің басшысы:


- Біздің қыздарымыздың би өнерін меңгеру деңгейі, сахнада өзін ұстауы және балеттің дәстүрлі қимыл-қозғалысын мүлтіксіз орындауы бағаланды. Олардың музыкаға үйлесуі аса жоғары бағаланды. Еліміздің бишілері қорытынды сыннан кейін жеңіс тұғырынан көрініп, бірінші және екінші орындарды иеленді. Халықаралық дәрежедегі әлемге танымал балет майталмандары мен хореографтардан құралған қазылар алқасы біздің өнерімізді ерекше атап өтті.


Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?