Шымкентте коллекционер тұрғын үй ауласын ұлттық нақышта безендірді

Шымкентте коллекционер тұрғын үй ауласын ұлттық нақышта безендірді

Қазақ ауылы. Шымкенттегі аулалардың бірін тұрғындар осылай атап кеткен. Мұнда үй, қоршау, тіпті гараж қабырғалары қазақы кілемдердің суретімен ұлттық нақышта безендірілген. Онда әдетте тұскиізге салынатын ұлттық ою-өрнектер бейнеленген. Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша бұл кілемдер қыздың жасауында болған. Тұскиіз қалыңдықты көз тиюден және дуадан сақтайды деген сенім бар. Идея авторы - суретші-этногораф Дана Бектаева. Өз ауласын ұлттық өнердің галареясына айналдыру бұрыннан келе жатқан арманы. Бүгінгі жетістігі - мәдениетке деген сүйіспеншіліктің нәтижесі.


Дана Бектаева, этнограф:


- Әр қазақ үшін маңызды. Бұл біздің келешек ұрпаққа керек. Олар ертең  әлем, қоршаған орта, тіршілік туралы қандай түсінік болғанын білулері қажет. Елестете алуы тиіс. Осы өнерімді көру үшін Қазақстанның өзге қалаларынан әртүрлі адамдар келеді. Бір қызығы, көбі Шымкенттің жергілікті тұрғындары емес.

Дана Бектаева тек қылқалам шебері емес, бұған қоса талғамы мықты коллекционер. Қазақ тұрмысына қажетті сандық, ыдыс-аяқ, киім-кешектің мыңға жуық түрін жинаған. Этнограф енді көрмемен Қазақстанды аралап, болашақта ашық аспан астында музей ұйымдастыруды жоспарлап отыр. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?