Германияда қазақтың көрнекті ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. Кеш қонақтарына, қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянынан қызықты деректер айтылып, бейнероликтер көрсетілді. Шараға бизнесмендер, саясаткерлер, диаспора өкілдері, сондай-ақ неміс елінде білім алып жатқан қазақстандықтар шақырылды. Жиынға қатысушылар қазақ ғалымының қазіргі қазақ тілі мен жазуын дамытудағы рөлін талқылады. Кеште күй мен халық әндері де орындалды. Айта кетейік, мерекелік шара Қазақстанның Франкфурттегі Бас консулдығының бастамасымен өтті.
Ганс Цольман, кәсіпкер:
Шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Қазақ тілі мен үшін әуен іспетті. Оны естігенде, аз да болса түсінетіндей көрінемін. Сіздердің әдебиетіңіз түрлі тілге аударылып, соның арқасында бүкіл әлем Қазақстан жайлы білді. Оның мәдениеті мен дәстүрі, талантты жазушылары мен ақындарымен танысты.