Алматыда
«Домбыра үні» атты ауқымды флешмоб өтті. 11 мыңнан астам оқушы бір мезетте
қазақтың әйгілі күйлерін орындады. Осылайша рекорд жаңарды. Ауқымды шараға
қаладағы 200-ден астам мектеп пен білім беру ұйымы қатысты.
Сәкен Аралбаев, Алматы қаласы
білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
- Шараның
мақсаты бұл жасөспірімдер арасында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. Ұлттық
брендіміз болып табылатын қара домбырамызды кеңінен насихаттау.
Адель
Құлмаханова, Оқушы:
- Рекорд орнатуға ат салысқаным үшін өте қуаныштымын. Мен домбраға үш жастан бастар қатысқанмын. Біздің мектепте домбыра үйірмесі бар. Осы шараға бір апта дайындалдық.
Адай, Балбырауын, Еркесылқым, Ата толғауы. Музыкалық бағдарламада қазақтың классикалық күйлері мен белгілі композиторлардың шығармалары орындалды.
Бұған дейін,
еліміздегі рекорд Талдықорғанда жаңартылып, бір мезетте 5 мың адам күй
орындаған еді.

