Қазақстандық актер Қытайда өткен кинофестивальде үздік деп танылды

Қазақстандық актер Қытайда өткен кинофестивальде үздік деп танылды

Қазақстандық Бақыт Қажыбаев Қытайдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің кинофестивалінде «үздік актер» деп танылды. «Набат операциясы» фильміндегі сомдаған басты рөлі жоғары бағаланып, топ жаруға мүмкіндік берді. Жалпы бұл байқауға 10 елден 20 картина қатысты. Оларды беделді халықаралық қазылар алқасы бағалады. Отандық кинотуынды нақты оқиғаларға негізделгенін айта кету керек. Онда 1992-ші жыдың ақпан айында жолаушылар автобусында тұтқынға алынған 30 адамды құтқару жайы баяндалады. Қазақстандық күш құрылымдарының кәсібилігінің арқасында операция сәтті аяқталды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?