Коронавирусқа қарсы емдік құрал ретінде ШҚО-да иммундық плазманың 3 мыңға жуық үлесі әзірленеді. Аймақтық қан орталығы инфекциядан жазылып шыққандарды немесе толық вакцина алғандарды донор болуға шақырады. Бүгінде өңірде иммундық плазма мөлшерін арттыру туралы шешім қабылданды. Донор Наргиз Құмарова: «Өзгелердің денсаулығына бейжай қарай алмаймын», – дейді.
Наргиз Құмарова, қала тұрғыны:
- Білемін қандай ауыр екенін, адамдарға кішкене көмегім болсын деп, плазма тапсыруға келдім. Қарт адамдардың қайтыс болып жатқанын жаңалыөтан естіп келдім.
2020 жылы инфекцияның таралуы шарықтаған кезеңде облыста иммундық плазманың 3 мыңға жуық дозасы пайдаланылған. Ал соңғы екі аптада 300 үлесі дайындалыпты. Алайда бұл көлемнен он есе көп плазма қажет.
Светлана Шмурыгина, облыстық қан орталығының директоры:
- Сұраныс бар, өйткені дәрігерлер оның тиімді екеніне әбден көз жеткізген. Жаздың алғашқы айларында ауруханаларға күніне екі доза жіберіп отырсақ, осы айдың басынан бері күніне шамамен 7 доза жіберіп жатырмыз. Яғни әр күн сайын 1,5 литр иммундық плазма қолданылуда.
Облыстық қан орталығының плазманың 2 500 үлесін әзірлеу жоспары бар. Вирусқа қарсы антиденеге бай қан құрамын тапсырудың талаптарын медициналық мекеме ұжымы әр адамға түсіндіріп береді.