Әлемде маймыл шешегінен бірнеше адам өлімі тіркелді. Оқиғалар Перу, Үндістан, Испания мен Бразилия елдерінде орын алған. Жалпы, бүгінгі күні маймыл шешегін жұқтыру бойынша АҚШ көш бастап тұр. Қазіргі сәтке дейін мұнда қауіпті инфекцияға шалдыққандар саны 5 мыңнан асады. Ауруға байланысты төтенше жағдай жарияланған Сан-Франциско қаласында вакциналау орталығында жүздеген адам ұзын-сонар кезекте тұр.
Люкджон Дэй, аурухананың бас дәрігері:
– Бізге өткен жұмада 4 мыңға жуық жаңа екпе әкелінді. Бірақ бұл партия осы аптаның аяғына дейін таусылатын шығар. Ал жоғарыдан берілген нұсқауға сәйкес, қала бойынша 40 мыңдай тұрғын вакцина салдыруға тиіс.