Омикрон штамын қайта жұқтыру қаупі жоғары. Лондондық ғалымдардың соңғы зерттеулері омикронмен қайта сырқаттану дельта нұсқасына қарағанда 5,4 есе артық екенін көрсеткен. Олардың пікірінше, омикронға шалдығып толық сауыққанның өзінде қатерлі дерттің дәл осы түрінен тек 19% қорғалады. Енді бір зерттеулер ондай науқастарда дельтаға қарсы 4 есеге күшейетін «супериммунитет» қалыптасатынын алға тартып отыр. Бұл алдағы уақыттарда пайда болуы мүмкін штамдарға да қатысты деген байлам айтылады. Бұған ең алдымен, коронавирусқа қарсы екпе алу өз септігін тигізбек. «Қалай дегенмен аурудың жақсысы жоқ, сақ болудың бірден бір жолы – санитарлық талаптарды қатаң ескеріп, ағзаға пайдалы дәруменді пайдалануға ден қойған жөн» – дейді, отандық мамандар.
Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:
- Омикрон штамы контагиозды, яғни өте жылдам жұғады. Мәселен, адаммен сөйлеспей-ақ жанынан өтіп бара жатқанның өзінде де жұғып кетуі мүмкін. Сол себепті адамдар маска тағып, талаптарды сақтаулары керек. «Вакцина алғанмын, жақында ғана ауырып жазылдым. Енді алты айға дейін ауырмаймын» деген әңгіменің барлығы шындыққа сәйкес келмейді. Ауырып жазылғаннан кейін де сақтанбасаңыз, қайта ауырып қалуыңыз мүмкін.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов