Коронавирустың жеңіл штамы пайда болуы мүмкін. Оның белсенділігі жыл мезгіліне байланысты болмақ. Дегенмен ауру осы санатқа өткеннен кейін де тұмау секілді COVID-19 эпидемиясы пайда болуы әбден мүмкін. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді.
Республикада вирус жұқтыру саны төмендей бастағанына қарамастан, әлемде әлі күнге дейін тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай сақталып отыр, ал ең тиімді қорғаныс – дер кезінде екпе алу мен ревакциналау, дейді мамандар.
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда өткен бір тәулікте инфекция жұқтырудың 15 жаңа жағдайы анықталды. Науқастардың ең көп саны –Алматы қаласында, елордада және Алматы облысында тіркелді. Қазіргі уақытта 2 мыңнан аса адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Оның ішінде 239 пациент стационарда ем қабылдауда. 9 млн 184 мыңнан көп қазақстандық вакцинаның қос компонентімен иммундалған. Ревакциналаумен қамтылғандар қатары 3 млн 363 мыңнан асты.