Түркі әлемінің тарихи тұлғасы Мұстафа Шоқайдың артына қалдырған мұрасы елге оралады. Алаш ардақтысының эмиграцияда жүріп өткен жолын зерттеген шоқайтанушы ғалымдар Франция астанасынан оралды. Үлкен тарихи миссия арқалаған сапар қорытындысы туралы тілшіміз әңгімелейді.
Мұстафа Шоқайдың өмірінің соңғы 20-жылдан астам уақыты Еуропада өткені белгілі. Қайраткер тұлға жырақта жүрсе де ұлтының бостандығы қамында күресіп өтті. Әлем бойынша 100 тарта жақтасымен хат алмасқан. Кәрі құрлықта 9 тілде жарық көрген 800-ден астам мақаласының дені Түркі әлемімен байланысты. Жаһандық мәселелерді көтерген тақырыптар да баршылық. Бұл еңбектері өзі шетелде шығарған «Яш Түркістан» журналында басылған. Басылымның түпнұсқалары Париждегі шығыс өркениеті және тілдер институтының мұрағатында сақтаулы тұр. Мұстафа Шоқайдың құнды мұраларын жары Мария Горина тапсырған.
Әбдіжәлел Бәкір, Шоқайтанушы, саяси ғылымдар докторы /Қазақстан/
Қазіргі күнде Мұстафа Шоқайдың «Яш Түркістан» журналындағы 224 қана мақаласы аударылған. Қалған мақалалары аударылған жоқ. 04:38:21 + 05:05:14 Жақында Мемлекеттік хатшыға хат жаздым. Сонда осы еңбектердің аударылмай жатқанын жаздым. Мұстафа Шоқайға анамызбен екеуіне Түркістанда ескерткіш қою мәселесін көтердім. Өйткені 800-ден астам еңбегінің 230-ы тек Түркістанмен байланысты.
Париж мұрағаты Мұстафа Шоқай мұраларын зерттеуге арнайы рұқсат берісімен отандық ғалымдар бірден жетті. Мұнда қысқа уақыт қана жұмыс істегенімен Алаш қайраткерінің бірталай еңбектерін таспалап, есепке алған. Енді оларды зерттеп-зерделеу ісі тұр. Сондай-ақ ғалымдар Франция астанасында 2010-шы жылы ашылған Мұстафа Шоқай ескерткіші мен саябағын аралап, Берлинде жерленген орнына барып, рухына тағзым еткендерін айтады.
Әбдуақап Қара, Шоқайтанушы, тарих ғылымдарының докторы /Түркия/
Түркия Республикасының 2023-ші жылы 100 жылдығы толады. 100 жылдыққа байланысты түркі дүниесінің 100 ұлы тұлғасы деген серия бастады. 100 тұлғаның өмір баяны кітап болып шығып жатыр. Міне осы серияның алғашқы 5 томына Мұстафа Шоқайдың өмірі кірді. Бұл кітабымыз биыл жылдың басында жарыққа шықты. Бұл нені көрсетеді? Демек, Мұстафа Шоқай 21-ші ғасырдағы Түркі дүниесінің ең ұлы тұлғасының бірі болып есептеледі. Сондықтанда біз Мұстафа Шоқаймен қалай мақтансақта болады.
Есімі берілген елордалық мектеп-гимназияда қазіргі таңда Мұстафа Шоқайға арналған еліміздегі жалғыз мұражай орын тепкен.
Салтанат Сексенбаева, Мұстафа Шоқай музейінің меңгерушісі:
Музейде Мұстафа Шоқайдың өзі пайдаланған портативті машинкасы бар, кезінде қолданған. Хаттары, әйелінен келген хаттары Үйінің архивінен келген жәдігерлермен танысасыздар. Және осы жерге жұмыс істейміз деп келсеңіздер де электронды форматта экспонаттар мен материалдар өте көп.
Қазақстанның төл тарихы Мұстафа Шоқайдың шетелде сақталып келген құнды еңбектерімен толығатын күн жақын. Шоқайтанушылардың мақсаты да осы: тарихи тұлғаның мұраларын кейінгі ұрпаққа мирас ету, Алаш арысының есімін мәңгілік ардақтау.