Қазақстандық «Ұлы дала зары» фильмі «Оскарға» ұсынылды

Қазақстандық «Ұлы дала зары» фильмі «Оскарға» ұсынылды

Қазақстандық «Ұлы дала зары» фильмі жылдың басты киножүлдесі голливудтық «Оскарға» ұсынылды. Картина «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша конкурстың лонг-тізіміне енді. Көркем фильм нақты тарихи оқиғаларға негізделген. Онда 1920-30 жылдардағы ашаршылық туралы баяндалады.

Айта кетейік, «Ұлы дала зары» фильмнің премьерасы қараша айында Лос-Анджелесте өткен халықаралық Азия кинофестивалінде болды. Бұдан бұрын аталмыш фильм «Алтын глобус» сыйлығының лонг-тізіміне енді. Картина «Шет тіліндегі үздік фильм» санатындағы сыйлық үшін таласады. Фильмнің режиссері және сценарий авторы  Марина Кунарова көрермендерге «Аруаққа аңшылық» және «999» сияқты туындыларымен танымал. Соңғысы 2010 жылы Лос-Анджелестегі кинофестивальде «Үздік шетелдік фильм» деп танылды.

Бүгінгі мереке қарсаңында,  яғни 16 желтоқсан күні түнгі сағат 00.00 бастап келесі 17 желтоқсанның түнгі 00.00 дейін 1 тәулік бойы Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Ұлы дала зары» фильмі www.cinexus.kz интернет кинотеатрында тегін көрсетіледі.

 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?