Шетелдіктердің Қазақстанда
білім алуға қызығушылықтары артып келеді. Бұған Ұлттық статистика бюросының мәліметтері дәлел болады. Биылғы оқу жылында қазақстандық жоғары оқу
орындарында 28 жарым мың шетелдік студент білім алып жатыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 13
пайызға көп. Қазақстандық диплом алуға көбіне алыс шетелдерден келеді. Арасында Үндістан, Моңғолия және Қытай азаматттары басым. Сондай-ақ, студент жастар Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей секілді ТМД елдерінен де келеді. Жалпы, еліміздегі университеттер мен
институттарда білім алып
жатқан 624 мың студенттің шамамен үштен бірі Алматы
қаласындағы оқу орындарын таңдайды. Мегаполис республиканың басты білім беру хабына айналды. Шаһарда 200 мыңнан астам жас білім алып жатыр.

