Қазақстан Президенті білім беру жүйесін жетілдіруді тапсырды

Қазақстан Президенті білім беру жүйесін жетілдіруді тапсырды

Өткен жылы елімізде 154 мектеп ашылды. Жаңа оқу жылында тағы 221 білім ошағын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрінің білім беру салаларын дамыту шаралары жөніндегі есебін тыңдады. Ғани Бейсембаевтың айтуынша,  орта білім сапасы артып келеді. Қазақстан атынан халықаралық олимпиадаларға қатысқан әрбір екінші оқушы жүлделі орындарға ие болып жүр. Былтыр ел оқушылары 58 алтын медаль жеңіп алған. Сондай-ақ Президентке техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау, инклюзивті және арнайы оқытуды дамыту жөніндегі жобалар таныстырылды.