Қазақстанда инженерлік кадрларды даярлаудың ұлттық моделі енгізіліп жатыр

Қазақстанда инженерлік кадрларды даярлаудың ұлттық моделі енгізіліп жатыр

Қазақстан Орталық Азияның білім беру хабына айналу үшін елеулі жұмыс жүргізуде. Бүгінде елдің жоғары оқу орындарында 31 мыңнан астам шетелдік студент білім алып жүр. Жыл сайын мемлекет 200 шетелдік ғалымды шақыруға қаражат бөледі. Бұл бағытта әлемнің барлық негізгі өңірлерінен серіктестер тартылуда. Қазірдің өзінде 12 елдің білім орындарымен 34 стратегиялық әріптестік орнатылған. 16 халықаралық университеттің филиалы ашылды. Ондағы бағдарламалардың басым бөлігі техникалық мамандарды оқытуға бағытталған. Бұл ретте елімізде инженерлік кадрларды даярлаудың ұлттық моделі енгізіліп жатқанын айта кеткен жөн. Жаңа тәсіл түлектерге халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді. Жалпы бүгінде Қазақстанда инженерлік бағыттар бойынша кадрларды даярлауды 54 ЖОО жүзеге асырады. Оларда білім алушылар саны 100 мыңнан асады.

Гүлжан Жарасова, ҚР ҒЖБМ Комитеті төрағасының орынбасары:

- Жаңа модель мектептерде инженерлік сыныптардың ашылуынан бастап ерте кәсіптік бағдарлауды және техникалық жоғары оқу орындарының өндіріспен толық интеграциясын көздейді. Жоғары білім беруді дамыту тұжырымдамасында озық кадрлық қамтамасыз ету моделіне көшу көзделген. Бұл «Мамандығым–Болашағым» жобасы шеңберінде іске асырылуда. Жоба шеңберінде 17 өңірдің 20 жоғары оқу орны қатысуда. 9 өңірде 45 сала бойынша кәсіптердің өңірлік атластары әзірленіп, 500-ден астам жаңа кәсіптер айқындалды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?