«Болашақ» бағдарламасы аясында атом энергетикасы мамандары білім алады

«Болашақ» бағдарламасы аясында атом энергетикасы мамандары білім алады

Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады. Бұл жөнінде шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында мәлімделді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен жиында халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар конкурстарының тізбесі қаралды. Енді аталған зияткерлік додалардың жеңімпаздары стипендияға үміткер бола алады. Тізбеге математика, физика, химия, биология және басқа да жалпы білім беретін пәндерден өтетін белді халықаралық олимпиадаларды қосу ұсынылды. Осы орайда, кейінгі 3 жылда 76 қазақстандық оқушы осы текті білім додаларының жүлдегері атанғанын айта кету керек. Отырыс барысында бағдарламаға жаңадан қосылған атом саласы қызметкерлеріне қойылатын талаптар талқыланды. Біліктілігі жоғары кадрларды даярлау отандық атом өнеркәсібін сапалы дамытудағы маңызды қадамның бірі болады. Жиын соңында конкурстық іріктеудің тетіктерін одан әрі жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?