30 жыл ішінде шетелдік компаниялар Қазақстанға 430 млрд доллардан астам қаржы салды. Шетелдік капитал негізінен өндіріс, өңдеу және тамақ өнеркәсібі сынды экономиканың басым салаларына құйылған. Түскен инвестициялардың ең көп бөлігі Нидерланды еліне тиесілі. Корольдік 2005-ші жылдан бері жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды игеруге 120 млрд доллардан астам қаржы бағыттаған. АҚШ-та елімізге қомақты инвестиция салған. Шамамен 53 млрд доллар мұнай-газ, қаржы, сақтандыру салаларында шоғырланған. Көшбасшы елдер қатарында Швейцария бар. Елдеріміз өзара машина жасау, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы салаларында әріптестік аясын тереңдетіп келеді. Кейінгі орында Қытай тұр. Аспан асты елі шамамен 25 жарым млрд долларды тау-кен индустриясы мен сауданы дамытуға жұмсаған. Үздік инвестор елдердің бестігін Ресей тұйықтайды. Көрші мемлекет капиталының көп бөлігі де тау-кен өндірісі, өңдеу өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда, электрмен жабдықтау мен құрылыс салаларына бағытталған.
Жеңіс Ермұқанов.

