Қазақстанда 17 ірі жобаның тізімі жасалды

Қазақстанда 17 ірі жобаның тізімі жасалды

Қазақстанда терең өңдеу тәсілін меңгеруге арналған 17 ірі жобаның тізімі жасалды. Олар металлургия, мұнай және газ химиясы, тамақ өнеркәсібі, автомобиль жасау, химия саласы және туризм секторларын қамтиды. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, оларды іске асыру жаңа жұмыс орындарын құруға ғана емес, сонымен қатар экспортты 6 трлн теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек ұлттық валютада 1,5 трлн астам импорт алмастыруды қамтамасыз етеді. Естеріңізге сала кетейік, Президент өз Жолдауында Үкімет 17 ірі жобаның тізімін жасағанын атап өтті. Оның айтуынша, онда терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген. Қасым-Жомарт Тоқаев отандық шикізат пен құрал-жабдықтарды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды екенін қосты.


Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?