Өзбекстан Лондон биржасында алғашқы IPO өткізді

Өзбекстан Лондон биржасында алғашқы IPO өткізді

Өзбекстанның Ұлттық инвестициялық қоры Лондон қор биржасында сауда-саттық бастады. Бұл елдің алғашқы халықаралық ІРО саудасы. Қордың қоржынында энергетика секторы, банк, телекоммуникация салалары және авиацияда жұмыс істейтін 13 мемлекеттік компанияның үлесі бар. Сарапшылардың пікірінше, қордың қаржы алаңына шығуы оның ашықтық, тиімді корпоративтік басқару және инвесторлармен жұмыс істеу талаптарына сай келетінін білдіреді. Айта кетейік, акциялардың бір бөлігі Ташкент қор биржасында да орналастырылды. Жалпы, IPO барысында 600 млн доллардан астам қаржы тартылды.


Мариус Дан, Ташкенттегі инвестициялық компания кеңсесінің басшысы:

- Менің ойымша, Өзбекстанның Ұлттық инвестициялық қорының IPO-ға шығуы инвесторлар тарапынан елдің экономикасына деген қызығушылықтың жоғары деңгейін көрсетеді. Бұл осы қор акцияларының алғаш рет халықаралық саудаға шығарылуы. Менің ойымша, бұл экономикалық реформалардың табыстылығын және инвестициялық қоғамдастықтың республиканың болашағына деген сенімінің жоғары деңгейін растайды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?