Қазақстан Президентінің Ұлттық құрылтайда
айтылған бастамалары шетелдік БАҚ қызығушылығын тудырып, баспасөздегі талқылау
жалғасуда. Халықаралық басылымдар ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің
жүйелі сипатына және олардың елді одан әрі саяси жаңғыртудағы рөліне назар
аударады. Мәселен, молдовалық Infotag ақпарат агенттігі Қасым-Жомарт Тоқаев
билік құрылымында өзгерістер мен мемлекеттік басқарудың институционалдық
моделін жаңартатын конституциялық бастамалар ұсынғанын хабарлайды.
Өз кезегінде, Daryo.uz өзбек басылымы жаңа
лауазым - Қазақстан Республикасының вице-президентін енгізу туралы ұсынысқа
назар аударады. БАҚ хабарлағандай, бұл бастама Конституцияда жазылып, бұған
дейін жасалған саяси өзгерістердің қисынды
жалғасы ретінде қарастырылады. Вице-президентті Мемлекет басшысы Парламенттің
келісімімен тағайындайды, ал оның жұмыс аясын Президенттің өзі айқындайды.
Шетелдік басылымдарда ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқару тетігін оңтайландыруға
және саяси сабақтастықтың орнықты моделін қалыптастыруға бағытталғаны айтылады.

