Елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің бір белгісі – мемлекеттік рәміздер. Маңызы зор мейрамды ұлықтау мақсатында ел
аумағында биылдың өзінде 7 мың шара өтсе, соның 300-нің ауқымы кең. Осы күні
тек рәміздердің өзі ғана емес, оның авторлары мен басты символдарымыздың
белгіленуіне зор еңбек сіңірген қайраткерлердің есімі де насихатталады.
Солардың бірі – ақын, жазушы-публицист, рәмізтанушы – Ербол Шәймерденов.
Тарихқа шегініс жасар болсақ, 1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңес Президиумының
жаңа мемлекеттік рәміздерді дайындау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Жарлығы
шыққан болатын. Соған сәйкес, арнайы шығармашылық комиссия құрылды. Оның құрамына
Салық Зиманов, Ербол Шаймерденов және басқа да белгілі тұлғалар кірді.
Қуаныш Жиенбай, жазушы:
-Рәміздер деген бір
ғажап құбылыс бар. Сол рәміздердің басы-қасында жүріп, Президенттің тұңғыш
баспасөз хатшысы бола жүріп, бүкіл рәміздерді, оның өмірге келуіне және оның
басқа елдердің рәміздеріне ұқсамай, өзіміздің табиғатымызға, өзіміздің рухани
келбетімізге сай келетін рәміздерді қалыптастыру жөнінде Ербол Шаймерденов үлкен
азаматтық еңбек сіңірді. Сол рәміздерді айтып қана қойған жоқ. Сол жөнінде
кітап жазды.