Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтап, халқына жолдаған тілектерін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасынығң Президенті
– Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін!