Қазақстан мен Қытайды достық пен тату көршілік қатынастар байланыстырады

Қазақстан мен Қытайды достық пен тату көршілік қатынастар байланыстырады

Қазақстан мен Қытайды ғасырларға ұласқан берік достық пен тату көршілік қатынастар байланыстырады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесуінде айтты. Президенттің айтуынша, екі ел тату көршілік қарым-қатынастың нағыз үлгісін көрсетіп отыр. Тараптар арасында белсенді саяси диалог қалыптасты, сауда-экономикалық әріптестік өркендеді, мәдени байланыстар жанданып,  қауіпсіздік саласында тығыз ынтымақтастық орнаған. Елдердің  халықаралық аренада ұйымдар аясында, сондай-ақ «Орталық Азия – Қытай» форматындағы байланыстары белсенді өрбіп келеді.Мемлекет басшысы Чжан Сяоның достық пен тату көршілік байланыстарын нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?