2026 жылы Digital Qazaqstan стратегиясы таныстырылады

2026 жылы Digital Qazaqstan стратегиясы таныстырылады

Елімізде 2026 жылы Digital Qazaqstan стратегиясы таныстырылады. Жобаны әзірлеу жұмыстары биылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Бұл маңызды құжат елде жасанды интеллектіні жаппай енгізуге және ауқымды цифрландыруға бағытталған. Сондықтан мамандар барлық қолданыстағы диджитал тәсілдерді қайта қарап, мейлінше жаңартуға ниетті. Бұл ел бойынша AI-технологияларды жаппай ендіруге мүмкіндік береді. Сондықтан стратегияны  әзірлеу кезінде халықаралық озық тәжірибе ескерілді. Жалпы Digital Qazaqstan білім беру, денсаулық сақтау, сандық экономика және мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ робототехника мен стартаптар экожүйесіне қатысты 10 бағытты қамтымақ.  

Бахтияр Мұхаметқалиев, Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры: 

- 4 бағыт елімізге әлеуметтік және өте маңызды экономикалық өсім береді. Қалған 6 бағыт технологиялық серпіліс жасау үшін қажет. Біз  деректер, орталықтар, жүйелер, инфрақұрылым және киберқауіпсіздік пен жұмыс істейтін боламыз. Digital Qazaqstan бірнеше кезеңді қамтиды. Алдымен ағымдағы  жағдайға талдау жүргізу қажет. Қазіргі таңда біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Бұл цифрландыру саласындағы қазіргі деңгейімізді танытады. Бұдан соң саланы дамытудың бағыт бағдары белгілі болады. Яғни, қолданыстағы ескі технологияларды жаңаасына алмастырудың жоспары құрылады. 

Сарапшылардың айтуынша, Стратегияны жүзеге асыру экономикалық өсімді жеделдетеді. Бұған жасанды интеллект шешімдері тың серпін бермек. Елде жоғары технологиялық салалар құрылады. Бар үрдісті автоматтандырудың және цифрлық сервистерді енгізудің арқасында еңбек өнімділігі артады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қысқарады. Жалпы Digital Qazaqstan стратегиясы озық үлгідегі технологияларды ендіруге бағытталған ұлттық жобалар жүйесіне негізделеді. 

Бахтияр Мұхаметқалиев, Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры: 

- Бізде қазірдің өзінде 300 жобадан тұратын пул бар. Бірақ олар мен айтқанымдай қандай да бір бағыттар бойынша тар бейінді, өте терең сипатта деп айтамыз. Енді оларға сауатты талдау, сапалы саралау жүргізіп барлық талаптармен пысықтау маңызды. Осылайша, олардың бәрін Ұлттық жобалар экожүйесіне біріктіру керек. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?