Домбыра – қазақ халқының рухы

Домбыра – қазақ халқының рухы

Қазақстанда Нұрғиса Тілендиевтің ғасырлық мерейтойы аталып өтілуде. 100 жылдық мерейтой қарсаңында Астана қаласының Ұлттық мұражайында дәулескер домбырашылардың қатысуымен концерт өтті. Музыканттар қазақтың күйші-композитор, дирижерінің танымал шығармаларын орындады.

Қазақтың ұлттық аспабының қоңыр үнін тыңдауға туристер де келді. «Өз елім» әні қонақтарды ерекше әсерге бөледі, тіпті тыңдаушылар таңданыстарын жасырмастан билей жөнелді. Елімізге келген шетелдік саяхатшылар өнерде тіл жоқ екенін, жақсы әуен жүректі тебірентінін айтты. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?