Silk Way Star – Қазақстанның жаңа визиттік картасы

Silk Way Star – Қазақстанның жаңа визиттік картасы

Silk Way Star халықаралық жобасы Қазақстанның имиджін нығайтуға және туризмді дамытуға үлес қоспақ. Бұл шоу еліміздің жаңа визиттік картасына айналып, елімізді мәдени орталық ретінде жаһан жұртшылығына таныта түседі, дейді төрешілер. Кеше ғана қазылар алқасына тағы жаңа сарапшылар қосылды. Олардың бірі - Оңтүстік Кореядан келген Чон Сон Мин. Атақты сазгер көптеген танымал дорамаларға саундтректер жазған. Сондай-ақ, төрешілердің қатарына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, аңызға айналған «Музарт» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев те қосылды. Еске сала кетейік, Silk Way Star мега  байқауының тұсаукесері алдағы сенбі 20 қыркүйек күні өтеді. Барлық эпизодтар Жібек Жолы/Silk Way және қатысушы елдердің телеарналарында көрсетіледі.

Сәкен Майғазиев, Silk Way Star қазылар алқасының мүшесі, /Қазақстан/:

- Біздің Қазақстанның имджіне үлкен әсері болады деп ойлаймын. Ішкі туризмнің дамуына жақсы әсер етеді деп ойлаймын. Танымал жұлдыздар келіп концерт қойып, олардың қызметкерлерінің өзі біздің қалаларға қызығушылық танытып, асықпай келетін жер екен деп жатқаны біз үшін үлкен абырой. Бұл жоба бізге ауадай керек деп ойлаймын.

Чон Сон Мин, Silk Way Star қазылар алқасының мүшесі, /Оңтүстік Корея/:

- Мұндай музыкалық жобаларға мен тек корей теледидарында ғана қатысқанмын, сондықтан бұрын мен тек кәріс тіліндегі әндерді бағалайтын едім. Ал мұндай халықаралық жобаға менің алғаш рет атсалысуым. Байқау қатысушылары әртүрлі елдерден келген, әрқайсысының өз мәдениеті, өз ән айту мәнері бар. Жобада вокал мен сахналық қойылым, яғни әртістік шеберлікке мән беремін. Егер оның өнері жүрегімді тебірентсе қосымша бал қоямын. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?