Сенатта туризм саласын трансформациялаудың тың әдістері талқыланды

Сенатта туризм саласын трансформациялаудың тың әдістері талқыланды

Қазақстанның Ақмола облысында тиімді «жасыл технологиялар» ендірілген заманауи курорттық аймақтар пайда болуы мүмкін. Оларда күннен өндірілетін қуат, ауа жылу белдеуінің құралдары, биотазарту нысандарын, автономды су көздері және басқа да баламалы энергия түрлері қолданылмақ.  Әзірге бұның бәрі жоспар. Осы бағыттағы тың жобалар Сенатта ұсынылды. Олардың әлеуеті Жоғары Палатаның туризмді дамыту жөніндегі Қоғамдық жобалық кеңсесінің кеңейтілген отырысында қаралды. Жиында қатысушылар отандық туристік индустрияны трансформациялаудың жаңа тәсілдерін талқылады. Мақсат – осы саланы жетілдіру үшін қосымша инвестициялар тарту. Сондай-ақ курорттық аймақтардың қолжетімділігі, көлік және инженерлік инфрақұрылымдарының жай-күйі де назарсыз қалмады. Сенат Төрағасы жаңартылатын қуат көздерін туризмде кеңінен кәдеге жаратуға мүмкіндік беретін жобаларды қолдау үшін заңнамалық деңгейде қажетті түзетулер әзірлеу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, Мәулен Әшімбаев салада озық тәжірибелер мен технологияларды қолдану бойынша халықаралық тәжірибені зерделеудің ерекше маңызына тоқталды.   

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті сенатының төрағасы:

- Жобалық кеңсе шеңберінде Қазақстанда туристік саланы дамыту үшін инфрақұрылымды дамытуға қатысты жаңа құралдар, жаңа тәсілдерді пайдалану бойынша бірқатар ұсыныстар дайындалды. Осыған байланысты Жобалық кеңсе аясында осы бағытта қызықты ұсыныстар пысықталуда. Бұл бір жағынан табиғатты қорғау аумақтарында электр энергиясымен қамтамасыз етудің баламалы қуат көздерін дамыту және сонымен қатар салықтарды инвестицияларға алмастыру қағидаты негізінде инфрақұрылымдық шешімдерді іске асыру.

Жеңіс Ермұқанов.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?