Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Роман Скляр жұмыс сапарымен Павлодар облысында болды. Онда ол өңірдің жылыту маусымына дайындығын
тексеріп, Екібастұз қаласының жылумен жабдықтау көздеріндегі жөндеу
жұмыстарының барысымен танысты. Сондай-ақ, мұндағы ГРЭС-2 нысанын кеңейту және
жаңғырту жобасының аясында №3,4 энергия блоктарын орнату жайында мәлімделді.
Бұл жылына қосымша 6,8 млрд кВТ/сағ өндіруді және стансаның белгіленген қуатын
1 мың МВт көлемінде арттырады. Роман Скляр сапар аясында ГРЭС-1 нысанын да аралады. Бұл стансаның
қуатын 4 мың МВт-қа дейін ұлғайту көзделіп отыр. Жоба жоспарға сай жүзеге
асырылып жатыр. Бұған қоса, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары «Богатырь»
көмір кеніші мен шаһардағы өзге жылу нысандарын жаңғырту жұмыстарын тексерді.
Роман Скляр қауырт маусымға дайындық жұмыстары сапалы әрі уақытылы жүргізілуі
керектігін баса айтты. Сондай-ақ, бірінші вице-премьерге тұрғын үй құрылысының
барысы туралы ақпарат берілді. Мәселен, 2023 жылы Екібастұзда 3 көпқабатты
тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. Барлығы 4 жыл ішінде осындай 20 баспана
салынды. Бүгінгі таңда жеке инвестициялар есебінен тағы 3 жоба жүзеге
асырылуда, оған қоса 7 бес қабатты үй салуға дайын жобалар бар.