ҚР Мемлекеттік кеңесшісі ішкі саясат мәселелері жөнінде кеңес өткізді

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі ішкі саясат мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ішкі саясат мәселелері жөніндегі кезекті республикалық кеңесте Жаңа Конституция жобасының мән-маңызына жіті тоқталды. Оның айтуынша, алғаш рет құжаттың преамбуласында және алғашқы баптарында мемлекеттілігіміздің іргелі негіздері – Тәуелсіздік пен Егемендік, сондай-ақ, мемлекеттің негіз құраушы қағидаттары ерекше бекітілді. Осылайша, жаңа Ата Заңда негізгі құқықтық нормалар мен құжаттар ғана емес, біздің қоғамның басты мақсаттары мен бағдарлары да орнықты. Негізгі Заң жобасының идеялық-құндылық тұрғысынан алғандағы маңызы зор. Егер басты құжат референдумда қабылданып жатса, жаңа Конституция қоғам тұтастығының сапалы әрі жаңа деңгейдегі платформасына айналады, деді Ерлан Қарин. Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Президент Жарлығымен алғаш рет ішкі саясаттың негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері мемлекеттік деңгейде қалыптастырылып, жүйеленгенін атап өтті. Ерлан Қариннің айтуынша, бұл құжат ішкі саясат саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысын тиімді үйлестіруге бағытталған. Сонымен қатар жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың идеялық мәнін нақты түсіндіруге мүмкіндік береді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?