Ә. Қастеевтің 120 жылдығы: Алматыда 120 оқушы бір мезетте сурет салды

Ә. Қастеевтің 120 жылдығы: Алматыда  120 оқушы бір мезетте сурет салды

Биыл қылқалам шебері, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл. Атаулы күнге орай Алматыда 120 оқушы бір мезетте сурет салды. Қатысушылардың бірі жайлауды бейнелсе, бірі қазақ батырларын парақ бетіне түсірді. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, сурет салу ойды тынықтырады, ал ойдың тынығуы есте сақтау қабілетін жақсартады.

Сонымен қатар акция аясында оқушылар эко флэшмоб ұйымдастырып, жарамсыз, қалдық заттарды қайта қолданысқа енгізіп, екінші өмір сыйлады. 

Салтанат Құсайынова, Алматы қаласы Наурызбай аудандық білім беру бөлімінің басшысы:

– Жалпы балалардың бойына табиғатты аялауға, өзінің қоршаған ортасына мәдениеттілікпен қарауға, отанға деген, елге деген, мектепке деген жауапкершілікті арттыру, қоқысты көрінген жерге тастамау, оның керегі бар екенін түсіндіру мақсатында үлкен іс-шара өтіп жатыр. 

Алтынай Дәуірбай, оқушы:

– Пейзаж тақырыбында кішкентай кезімнен өте көп сурет салатынмын және өскенде суретші боламын деген алдыма мақсат қойдым.