Әлемдік рухани көшбасшылар Астанада діндер диалогын талқылайды

Әлемдік рухани көшбасшылар Астанада діндер диалогын талқылайды

Қазақстан тағы дінаралық диалогтың жаһандық орталығына айналды. Елімізде бас қосқан беделді сарапшылар бүгіннің өзекті деген мәселелерінің шешімін іздеуде. Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі Хатшылығының 23 отырысы өтті. Жиын Астана бейбітшілік декларациясы 2025 құжатына қол қойылатын ауқымды шараның күн тәртібіне арналған. Форумда түрлі конфессия өкілдері рухани мәселелер, жаһандық қақтығыстар, экология және экстремизм қаупімен қатар, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық аясын кеңейту жолдарын қарастырады. Еске сала кетейік, 17 қыркүйекте «Діндер диалогы: болашақ үшін синергия» тақырыбында Әлемдік рухани көшбасшылар съезі өз жұмысын бастайды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті сенатының төрағасы, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы:

 - Біз халықаралық қатынастар жүйесі өзгерістерге ұшырап, жаңа сын-қатерлер пайда болған және бұрынғылары шиеленісе түскен кезеңде жиналып отырмыз. Гуманитарлық дағдарыстардың ушығуы және мәдени мұралардың қирауы да алаңдатып отыр. Мұндай сын-қатерді еңсеру үшін барлық конструктивті және жасампаз күштердің бірлесіп әрекет етуі айрықша мәңге ие.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?