Сенат Жолдауды іске асыруға қолдау көрсетеді

Сенат Жолдауды іске асыруға қолдау көрсетеді

Парламент депутаттары Қазақстан Президентінің Жолдауын іске асыру ісіне білек сыбана кіріседі. Сенатта Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған міндеттер барлық салаларды жаңғыртуға, экономиканы нығайтуға және әлеуметтік саясатты күшейтуге бағытталғаны атап өтілді. Мемлекет басшысы елдегі өзгерістердің негізгі құралына айналуы тиіс цифрлық технологияларды дамытуға ерекше назар аударды. Сенат Төрағасы Жолдауды жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету, нормативтік актілерді, оның ішінде Цифрлық және Құрылыс кодекстерін уақтылы қарау және қабылдау палата жұмысының басымдығы екенін атап өтті. Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев әріптестерін Alatau City қаласының арнайы мәртебесі туралы заңды әзірлеу, «Мемлекеттік мүлік туралы» заңды жаңарту, парламенттік реформаны іске асыру және басқа да маңызды бағыттар бойынша белсенділік танытуға шақырды. Сенат Төрағасы тек осындай күш-жігермен ғана инновацияларды енгізу және заманауи мемлекет құру үшін сенімді іргетас қалауға болатынын тілге тиек етті. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: 

- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанды үш жыл ішінде жаппай цифрлы мемлекетке айналдыру жөнінде стратегиялық мақсатты белгілеп берді. Осы бағытта Парламенттің алдында тиісті заңнамалық база құру міндеті тұр. Соның аясында біз Цифрлық кодекстің сапалы қаралуын және уақтылы қабылдануын қамтамасыз етуіміз қажет. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?