Қазақстан Болашақ халықаралық бағдарламасы аясында жасанды интеллект және
атом энергетикасы саласында мамандар даярлауды бастайды. Бұл туралы Мемлекеттік
кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі
республикалық комиссияның отырысында мәлім болды. Биыл конкурсының ережелері
өзгерді. Енді үміткерлер үш кезеңнен тұратын іріктеуден өтеді. Оның қорытындысы
бойынша бүгінде 225 қазақстандыққа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды. Олардың 152-сі
– магистратурада, 16-ы докторантурада оқиды. Ал 57 отандасымыз шетелдік
университеттер мен орталықтарда кәсіби тағылымдамадан өтеді. Бұдан бөлек, 182
жерлесіміз әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында тағылымдамадан
өтуге грант алды. 2026-шы жылы кәсіби тағылымдамадан өтушілер үшін «Жасанды
интеллект жүйесін пайдаланушылар» деген жаңа санат бекітілді. Бағдарлама
аясында атом энергетикасы саласындағы мамандар да дярланатын болды. Жыл сайын
бұл бағытқа 20 квота бөлінеді.

