Президент Әкімшілігінің басшысы қазақ халқының ұлы перзенті Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоғын қойды. Айбек Дәдебаев майдан даласында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті. Еске сала кетейік, Бауыржан Момышұлы генерал-майор Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының құрамында шайқасты. Кейін данқты отандасымыз өзі полк пен дивизияны басқарды. Бірнеше марапаттары бар, 1990 жылы қайтыс болған соң Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.